Жаңалықтар
Өскемен әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қала әкімінің жаңа орынбасары болып Болатбек Манарбаев тағайындалды.
Болатбек Омарбеков 1988 жылы Үржар ауданының Мақаншы ауылында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан өңірлік университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2024 жылы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «бизнес және басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.
Былтыр 3 ақпаннан бастап қала әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.



