Жаңалықтар

Қазақстанда құрма импорты азайып барады

Еліміз құрма импортын 2014 жылы 10,8 мың тоннадан бастап, 2021 жылы 43,1 мың тоннаға дейін арттырған еді. Бірақ соңғы жылдары көрсеткіш тұрақталып, былтыр импорт 32,5 мың тоннаға дейін төмендеді.

Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 16%, ал 2021 жылмен салыстырғанда 25%-ға азайғанын білдіреді. Ақшалай көлемі шамамен 14,1 млн долларды құрады.

Негізгі жеткізуші — Иран мемлекеті. Оның үлесі былтыр жалпы импорттың 81%-ын құрады. Сондай-ақ Израиль, Алжир және Сауд Арабиясы елдерінен де құрма сатып алынады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button