Жаңалықтар

ШҚО-да бірқатар жолдар жабылды

Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты кейбір жол учаскелерінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

«КАЖсервис» мәліметінше, шектеу облыстық маңызы бар автожолдарда қоғамдық көліктер мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктерге қатысты қойылған.

Төмендегі жол учаскелерінде қозғалысқа шектеу бар:

* Өскемен – Тарғын – Самар: 17-145 шақырым
* Шемонаиха – Секисовка: 0-56 шақырым
* Шемонаиха – Большая Речка: 0-36 шақырым
* Үлкен Нарын – Күршім: 0-135 шақырым
* Күршім – Қалжыр: 0-131 шақырым
* Алтайка ауылы – Чапаево: 0-37 шақырым
* Октябрь өткелі – Алтайка ауылы – Ново-Хайрузовка: 0-83 шақырым

Бұл шектеу ең алдымен дизельді көліктердің аязда тоқтап қалу қаупіне байланысты енгізілген.

Республикалық маңызы бар жолдардың жағдайын білу үшін 1403 нөмірлі тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталыққа хабарласуға болады. Сондай-ақ жолдағы жағдайды «Яндекс Карта» қосымшасы арқылы да көруге мүмкіндік бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button