Жаңалықтар

Kaspi.kz:Таяу Шығыста қалып қойғандарға ақшалай көмек көрсетеміз

Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Kaspi.kz қиындыққа тап болған қазақстандықтарға арналған материалдық қолдау бағдарламасын іске қосты.
Қаржылай көмек Kaspi Travel сервисі арқылы тур немесе «бару-қайту» әуе билеттерін сатып алған азаматтарға арналған.
Көмек көлемі:
•Ересектерге – тәулігіне 35 000 теңге;
•Балаларға – тәулігіне 15 000 теңге.
Қаражат күнделікті шығындарды жабу үшін тікелей Kaspi Gold картасына аударылады. Төлем азаматтар аймақтан шыға алмай, мәжбүрлі түрде сол жерде болған барлық уақыт аралығында күн сайын түсіп тұрады.
Компания өкілдері клиенттермен тұрақты байланыста екенін және қажетті шараларды қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Айта кетейік, АҚШ, Израиль және Иран арасындағы әуе шабуылдарына байланысты бірқатар араб елдерінде әуежайлар жабылып, рейстер уақытша тоқтатылған. Соның салдарынан демалысқа барған жүздеген қазақстандық елге қайта алмай отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button