Жаңалықтар
Референдум күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін

15 наурызда өтетін республикалық референдум күні Өскемен тұрғындары қоғамдық көлікте тегін жүре алады.
Бұл бастаманы жолаушылар тасымалдаушылардың өздері ұсынған. Олар алда тұрған саяси оқиғаның маңызын ескеріп, Президент жүргізіп жатқан реформаларды қолдау мақсатында осындай шешім қабылдаған.
Тасымалдаушылардың айтуынша, бұл акция азаматтық жауапкершіліктің белгісі ретінде ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, бұл күні сайлау учаскелеріне барып, өз азаматтық ұстанымын білдіретін тұрғындарға қолайлы жағдай



