59 ауылда интернет қосылуы мүмкін-ШҚО
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов «Қазпошта» басқарма төрағасы Бекежан Жакеевпен кездесті.
Кездесу барысында өңірдегі 59 ауылды интернетпен қамту мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, пошта қызметін жаңғырту, цифрландыру және жаңа жобаларды іске асыру жайы сөз болды.
Сондай-ақ қоғамдық көлікке берілетін субсидияны цифрлық жүйе арқылы бақылау ұсынылды. Бұл қаржының ашық әрі тиімді жұмсалуына мүмкіндік береді.
Кездесу соңында тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асырып, ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.



