Жаңалықтар
ШҚО-да дала өрттерінің саны 69%-ға көбейді

Өңірде өрт қаупі жоғары кезең басталғалы бері 66 дала өрті тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 69 пайызға көп.
Өрт қаупі әсіресе Ұлан, Самар, Зайсан және Тарбағатай аудандарында жоғары деңгейде сақталып отыр. Алдағы күндері кей жерлерде ауа температурасы 40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
Осыған байланысты тұрғындарға құрғақ шөпті өртемеу және табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау ескертілді.
Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар қызметі мен орман шаруашылығы мекемелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.



