Жаңалықтар

Жылыту маусымына дайындық қалай жүріп жатыр?

Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жылыту маусымына дайындық мәселелері қаралды.

Негізгі көрсеткіштер бойынша облыс жоғары нәтижелер көрсетіп отыр. Атап айтқанда, облыс автономды қазандықтардың дайындық жоспарын орындау және көмір қорын қалыптастыру бойынша республикада елордадан кейін екінші орында тұр.

Білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы бойынша өңір елдегі алғашқы төрттіктің қатарында.

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан коммуналдық қызметтер бойынша дебиторлық берешек деңгейі төмен он өңірдің қатарына кіреді.

Үкіметте солтүстік, шығыс өңірлердегі және елордадағы нысандардың 15 қыркүйекке дейін толық дайын болуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов жауапты қызметтерге дайындық қарқынын төмендетпей, барлық іс-шара кешенін тұрақты бақылауда ұстау маңызды екенін еске салды.

—Біздің міндетіміз — жылыту маусымына тек формалды көрсеткіштер бойынша дайындалу емес. Бастысы — бүкіл жүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіп, қыс бойы халыққа қолайлы жағдай жасау. Әрбір нысан мен әрбір проблемалық учаске бақылауда болуы тиіс, – деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button