Жаңалықтар
ШҚО-да 14 адам кене энцефалитін жұқтырды

Өңірде көктемнен бері 3 887 адамды кене шаққан. Олардың 1 146-сы — 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлімдеді.
Кене шаққан адамдардың ең көбі Өскеменде тіркелген-1837 жағдай.
Жыл басынан бері өңірдің эндемиялық аумақтарында кене энцефалитінің 14 жағдайы зертханалық жолмен расталды. Сонымен қатар Лайм ауруының 10 жағдайы анықталған.
Кене энцефалиті Өскемен, Риддер қалаларында, сондай-ақ Алтай, Үлкен Нарын, Зайсан, Шемонаиха және Катонқарағай аудандарында тіркелді.
Ауру жұқтырғандардың арасында балалар да бар. Кене энцефалиті 10 жастағы бала мен 16 жастағы жасөспірімнен анықталған.



