Жаңалықтар
Ұлан ауданында 7 отбасы баспаналы болды

Бүгін Ұлан ауданының Алмасай ауылында үй кезегінде тұрған 7 отбасы баспаналы болып, жаңа пәтерлерінің кілтін алды.
Пәтерлер «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынған. Аудан әкімі Арман Бекбосыновтың айтуынша, 2024-2026 жылдары оффтейк келісімшарты бойынша ауданда 210 пәтер бой көтерген.
Биыл жалпы аумағы 4 850 шаршы метр болатын тағы 62 пәтер салу жоспарланып отыр.
Қазіргі таңда Ұлан ауданында 779 адам тұрғын үй кезегінде тұр.



