ЖаңалықтарМәдениет
ШҚО тұрғындарын «Жылқыны ұлықтау күніне» шақырады

29 тамызда Глубокое ауданының Винное ауылындағы «Титан» ат спорты кешенінде «Жылқыны ұлықтау күні» өтеді.
Мереке сағат 14:00-де басталады. Қонақтар ат спорты бойынша көрсетілімдерді тамашалап, атқа мініп көре алады. Сондай-ақ фотозоналар, экскурсия, қолөнер жәрмеңкесі және түрлі тағамдар ұсынылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – жылқыға деген құрметті арттырып, ат спортына қызығушылықты дамыту.



