Жаңалықтар
ШҚО-да темірді заңсыз өндірген кәсіпкер сотталды

Темір кенін заңсыз өндіріп, сатқан кәсіпкер бір жылға бас бостандығынан айырылды.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, «AK Metal» басшысы Д.К. Бектемировке берілген лицензия тек пайдалы қазбаларды барлауға рұқсат берген. Алайда кәсіпкер темір кенін өнеркәсіптік көлемде өндіріп, оны Қазақстанда және шетелде сатқан.
Тергеу барысында 70 мың тоннадан астам кеннің заңсыз өндірілгені анықталды. Одан түскен табыс 1 млрд теңгеден асқан.
Кәсіпкер заңсыз табысқа Land Rover көлігін, пәтерлерді, коммерциялық нысандарды, тұрақ орындарын және Алматы облысынан жер телімдерін сатып алған.
Сот құны 1 млрд теңгеден асатын мүлікті мемлекет кірісіне тәркіледі. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.



