Жаңалықтар

ШҚО мен Беларусь елі ынтымақтастықты кеңейтпек

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Беларусьтің Могилёв облысынан келген делегациямен кездесті. Тараптар екі өңір арасындағы байланысты нығайту және жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Кездесуде сауда, ауыл шаруашылығы, өндіріс, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға басымдық берілді.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 9,2 млн долларды құраған. Биыл қаңтар-мамыр айларында бұл көрсеткіш 4,13 млн долларға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 5%-ға өскен.

Могилёв облысының өкілдері ауыл шаруашылығына арналған техника өндіру, ет және сүт өнімдерін өңдеу, тамақ өнеркәсібі мен балық шаруашылығы салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды.

Сонымен қатар екі өңірдің кәсіпкерлері арасында тікелей байланыс орнатып, бизнес-миссиялар мен өзара сапарлар ұйымдастыру туралы ұсыныстар айтылды.

Кездесу соңында тараптар өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендерін мәлімдеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button