Жаңалықтар

Қазан айында ауа райы қандай болады?-ШҚО

Қазан айында өңірде ауа райы құбылмалы болады. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандары мәлімдеді.

Айдың алғашқы күндері өңірде күн жылы болады. Күндіз ауа температурасы +13…+18°С, түнде +3…+8°С шамасында сақталады.

Кейін күн күрт суытады. Өңірдің басым бөлігінде түнгі температура 0°С-тан төмендеуі мүмкін. Шығыс аудандарда ауа температурасы -12°С-қа дейін түсуі ықтимал.

Қазанның екінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болады. Күндіз температура +5…+16°С, түнде -7…+7°С аралығында өзгеруі мүмкін.

Айдың соңғы онкүндігінде де ауа райы тұрақсыз болады. Кей күндері күндіз +15…+20°С-қадейін жылынса, онкүндік соңында температура +2…+7°С-қа, түнде -2…-7°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.

Басқа жаңалықтар

Back to top button