Жаңалықтар

Үлкен Нарында 30 пәтерлік тұрғын үй салынып жатыр

Үлкен Нарын ауданында әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үй құрылысы жүргізіліп жатыр.

Өткен жылы көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік тұрғыда осал топтарына арналған бағдарлама аясында екі пәтер сатып алынған.

Биыл ауданда жалпы ауданы 1,3 мың шаршы метр болатын 30 пәтерлік тұрғын үй салынып жатыр.

Облыс әкімі құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар ауданда тұрғын үй құрылысын одан әрі арттыру бойынша шаралар қабылдануы қажет екенін айтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button