Жаңалықтар

Зайсан көлінде суға батқан екі балықшының денесі табылды

Тарбағатай ауданындағы Зайсан көлінде суға батып кеткен екі балықшының денесі табылды.

Алдымен құтқарушылар іздеу барысында 1995 жылы туған балықшының, кейін жергілікті тұрғындар 1968 жылы туған екінші балықшының денесін тапты.

Іздеу жұмыстарына сүңгуірлер, құтқару қайықтары мен катерлер, суасты құралдары, дрондар және жергілікті тұрғындар қатысты. Сүңгуірлер барлығы 8 рет суға түсіп, құтқарушылар іздеу жұмыстарын тәулік бойы жүргізді.

Төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, көлдің тереңдігі мен су астында көру мүмкіндігінің шектеулі болуы жұмысты біршама қиындатты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button