Жаңалықтар
«Орталық» базарды жаңғырту жұмыстары қашан аяқталады?

Өскемен қаласында базарларды жаңғырту жөніндегі жол картасы аясында екі жабық павильон салынды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Асхат Сағидолдин хабарлады.
Жаңғырту жұмыстары қаладағы «Заречный», «Заря» және «Орталық» базарларында жүргізілуде. Қазіргі таңда «Заречный» және «Заря» базарларында жаңа жабық павильондардың құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.
Ал «Орталық» базарды жаңарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, 2026 жылы жалғасады. Жоба базар инфрақұрылымын жақсартуға, саудагерлер мен тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.



