Жаңалықтар

Әуе билетіне артық ақша төлемеңіз

Шығыс Қазақстан облысының тұрғыны әуе билетін сатып алу кезінде заңсыз алынған қосымша төлемді кері қайтарды. Бұл мәселе Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің араласуымен шешілді.

Анықталғандай, туристік агенттік әуе билеттерін төлем картасымен сатып алған жағдайда бағаны қолма-қол төлеммен салыстырғанда 3 пайызға қымбат қойған. Мамандар мұндай әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға қайшы екенін атап өтті.

Тұтынушының шағымына туристік агенттік белгіленген мерзімде жауап бермеген. Осыған байланысты департамент жоспардан тыс тексеру жүргізді.
– Шағымға уақтылы жауап бермеу фактісі бойынша агенттікке қатысты тексеру жүргізіліп, нәтижесінде айыппұл салынып, артық алынған қаражат тұтынушыға қайтарылды, – деді департамент басшысы Асхат Сағидолдин.

Ведомство өкілдері төлем түріне байланысты қосымша комиссия алу заңсыз екенін және әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button