Жаңалықтар

Бозанбай ауылында жаңа спорт кешені ашылды

Ұлан ауданына қарасты Бозанбай ауылында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Нысан «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынған.

Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 1 225,3 шаршы метр.

– Ауылдық елді мекендерде тұратын жерлестеріміздің барлығы бірдей деңгейде сапалы білім алуы тиіс. Сондай-ақ спортпен шұғылданып, өз қабілеттерін дамытуға да бірдей жағдай жасалуы маңызды, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Жоба аясында әлеуметтік осал топтағы азаматтар мен көпбалалы отбасыларға қолайлы жағдай жасау қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button