ЖаңалықтарСпорт

«Торпедо» Қазақстан чемпионатында көш бастап келеді

Өскеменнің «Торпедо» хоккей клубы Қазақстан чемпионатындағы кезекті ойынында жеңіске жетті. Елордада жергілікті «Номад» командасымен кездескен өскемендіктер қарсыласын 3:2 есебімен ұтты.

Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионаты аясында өткен ойын тартысты болды. Алғашқы кезеңде командалар екі шайбадан соғып, есепті тең ұстады. Екінші кезеңде көрсеткіш өзгерген жоқ.

Ал шешуші кезеңнің жетінші минутында Федор Хорошев жеңіс шайбасын соғып, командасына маңызды екі ұпай сыйлады. Осы сәтте Артур Гатиятов пен Саян Данияр нәтижелі пас берді.

Жеңістен кейін «Торпедо» турнирлік кестеде 54 ұпаймен бірінші орында келеді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық резерв мектебінде бүгінде 526 бала хоккеймен айналысады. Олардың дайындығына 36 жаттықтырушы жауапты. Мектеп тәрбиеленушілері Қазақстан чемпионатына сегіз жас санатындағы командамен қатысады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button