Жаңалықтар
Глубокое ауданында адам сүйегі табылды

Глубокое ауданына қарасты Быструха ауылындағы өзеннің маңында адам сүйегінің қалдықтары табылды.
–Сүйек қалдықтары ер адамға тиесілі.Қазір марқұмның кім екенін анықталып жатыр. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды,-деді облыстық полиция департаментінің өкілдері.
Сондай-ақ полиция әлеуметтік желілерде тараған марқұмның қолы мен аяғында арқан болғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.



