Жаңалықтар
Күршім ауданының жәрмеңкесі өтеді

21 қараша күні сағат 08.00-де «Алтай» көтерме-бөлшек сауда орталығының аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтелі. Онда аудан өндірушілері мен кәсіпкерлері тұрғындарға ет, балық, бал, сүт өнімдері, шұжық және жаңа піскен көкөністер ұсынады.
Жәрмеңкеге 2 тонна 800 келі сиыр еті, 3 тонна 500 келі жылқы еті, 1 тонна 200 келі қой еті, 700 келі балық және балық өнімдері, 1 тонна бал жеткізіледі. Сонымен қатар сары май, құрт, сұйық құрт, ірімшік секілді ұлттық тағамдардың 200 келісі саудаға шығарылады. Жыл бойы сұранысқа ие ақтабан, тұқы, көксерке мен шортанның қақталған түрлері балықтың көлемі мен түріне қарай 1 000 теңгеден басталатын бағамен сатылады.



