Жаңалықтар

Өскемендегі жаңа жолайрыққа «Мерген» орнатылды

Өскемендегі жаңа жолайрықтың Жібек маталар комбинаты шағын ауданына шығатын бөлігінде «Мерген» автоматтандырылған жүйесі орнатылды. Ол көліктердің жылдамдығын бақылайды.

Бұған дейін жол қозғалысы дрон арқылы бақыланған. Енді қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жүргізушілердің жылдамдықты сақтауын бақылау үшін жаңа жүйе іске қосылды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, осындай жүйені қала орталығына қарай, Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің жанына да орнату жоспарланып отыр.

Айта кетейік, құрылыс жұмыстарына байланысты жолайрықтағы рұқсат етілген ең жоғары жылдамдық – сағатына 40 шақырым.

Басқа жаңалықтар

Back to top button