ШҚО-да 124 заңсыз сайт бұғатталды

Биыл өңірде онлайн казино, қаржы пирамидалары мен заңсыз криптовалюта биржаларына қатысты жүздеген сайт анықталды. Бұл туралы Экономикалық тергеп-тексеру департаменті хабарлады.
Мамандар жыл басынан бері 155 күмәнді сілтемені бұғаттауға жіберген. Оның 124-і бұғатталды.
Сонымен қатар онлайн казино белгілері бар 41 сілтеме және олардың жарнамасына қатысты 103 сілтеме CyberSupervision жүйесіне енгізілді.
Өткен жылы лотерея өткізу заңнамасын бұзғаны үшін 17 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ал биыл 3 адамға 1 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, тағы бір адам заңсыз лотерея қызметіне байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ облыста қаржы пирамидалары мен заңсыз криптобиржалардың белгілері бар 300 сайт бұғатталған.



