Жаңалықтар
Оқушылар қандай жағдайда қашықтан оқиды?

Өңірде оқушылардың 30 пайызы немесе одан көбі ЖРВИ-мен ауырса, сынып қашықтан оқытуға көшіріледі. Бұл туралы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.
Мамандардың мәліметінше, эпидемиялық маусым басталғалы облыс мектептерінде ЖРВИ-дің топтық жағдайлары тіркелмеген.
Қазір мектептерде оқушылардың сабаққа қатысуы күн сайын тексеріліп, суық тию белгілері бар балалар мен мұғалімдер сабаққа жіберілмейді. Сонымен қатар сынып бөлмелері жиі желдетіліп, тазалық талаптары сақталады.
Егер бір сыныптағы оқушылардың 20-30 пайызы ауырып қалса, олармен байланыста болған балалар жеті күн бойы медициналық бақылауда болады. Бұл кезеңде сыныпқа жаңа оқушылар қабылданбайды және балалардың басқа сыныптарға ауысуына шектеу қойылады.



