Жаңалықтар
ШҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық азайды

Өңірде отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 19,9%-ға төмендеді. Биылғы он айда 117 дерек тіркелді. Былтыр осы кезеңде 146 жағдай болған.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері отбасылық-тұрмыстық салада құқық бұзған 3 922 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар полиция қызметкерлері жәбірленушілерді қорғау үшін 2 917 қорғау нұсқамасын шығарды. Ал сот шешімімен құқық бұзушыларға қатысты 722 ерекше талап белгіленді.
Облыста тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түрлі әлеуметтік акциялар өткізіліп келеді.
Көмек қажет болған жағдайда 111 немесе 150 байланыс нөміріне хабарласуға болады.



