Жаңалықтар

Өскеменде қайырымдылық жәшіктері көбейді

Өскеменде киімдер мен азық-түліктерді мұқтаж жандарға беруге арналған жәшіктер саны артып келеді. 

Жәшіктер екі түске бөлінген. Көк түсті жәшіктерге таза әрі киюге жарамды киім, аяқ киім және үйге қажетті тоқыма бұйымдарын салуға болады. Заттарды алдын ала пакетке салып, аузын мықтап байлау қажет.

Ал жасыл жәшіктерге зауыттық қаптамасы бар, жарамдылық мерзімі өтпеген ұзақ сақталатын азық-түліктерді қалдыруға болады.

Жиналған заттар мен азық-түліктерді еріктілер сұрыптап, көмекке мұқтаж адамдарға таратады.

Қайырымдылық жәшіктері мына мекенжайларда орналасқан:

  • «Мирный» базары — Карбышев көшесі, 54;
  • «Дина» базары — Абай даңғылы, 185, 2-корпус;
  • «Garage» тайм-клубы — Бейбітшілік көшесі, 25;
  • «Заречный» базары — Достоевский көшесі, 6, 3-корпус;
  • «Дос-Нар» базары — Виноградов көшесі, 17А;
  • «Алтай» көтерме-тарату орталығы — Жібек жолы көшесі, 44;
  • «Заря» базары — Оралхан Бөкей көшесі, 10;
  • «Карим» дүкені — Қаныш Сәтбаев даңғылы, 84/4.

Басқа жаңалықтар

Back to top button