Жаңалықтар

Мектептерде стоматология кабинеті пайда болуы мүмкін-ШҚО

Облыста 13 мектепте стоматологиялық кабинеттер ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

–2027 жылы «Болашаққа сау тіспен» жобасы аясында 13 мектепте стоматологиялық кабинеттер ашу мәселесі Білім басқармасымен бірлесіп қарастырылады,– деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Былтыр тек №19 мектепте стоматологиялық кабинетке арналған бөлме жөнделген. Ал биыл тағы алты мектепте осындай кабинеттер ашу жоспарланғанымен, қажетті медициналық жабдықтарды сатып алуға сұралған 38 миллион теңгені облыстық бюджет комиссиясы бөлмеген.

Қазіргі уақытта өңір мектептерінде жұмыс істеп тұрған стоматологиялық кабинеттер жоқ.

Жоба жүзеге асса, оқушылар мектептің өзінде тіс күтімі бойынша тегін кеңес алып, профилактикалық тексеруден өте алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button