Басты жаңалықЖаңалықтар

Әлеуметтік жәрдемақы төлеу тәртібі өзгереді.Неге?

2027 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу тәртібі өзгереді. Енді қолдау шараларын белгілеу кезінде отбасының әлеуметтік әл-ауқат санаты да ескеріледі. Бұл туралы облыс әкімдігінің отырысында айтылды.

Облыстық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинованың айтуынша, жаңа заңға сәйкес әлеуметтік төлем алуға негіздердің болуымен қатар, отбасының цифрлық картасындағы мәліметтер де назарға алынады.

– Облыс бойынша барлығы 17 мыңға жуық азамат сауалнамадан өтті. Оның ішінде «А» санаты бойынша – 2 789, «В» санаты бойынша – 14 146 адам. Жалпы, осы екі санат бойынша жүргізілген жұмыстардың орындалу көрсеткіші 100%-ды құрады. Қазіргі уақытта отбасының әл-ауқатын бағалау әдістемесі пысықталып жатыр. Реформа кезең-кезеңімен, пилоттық режимде жүзеге асырылады, – деді ол.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына әлеуметтік төлемдердің жаңа тәртібіне қатысты жұмыстарды заңнама аясында тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button