Жаңалықтар

Жергілікті бюджет пен тұрғындардың өтініші мәслихатта қалай қаралады?

 

Жергілікті бюджетті мәслихат бекітеді. Демек, өңір қаржысының қандай қажеттіліктерге жұмсалатыны туралы шешімге тұрғындар сайлаған депутаттар қатысады. 29 қарашада қазақстандықтар осы міндетті алдағы бес жылда атқаратын өкілдерін таңдайды.

Депутат жұмысының бір бөлігі мәслихат отырысында өтсе, енді бір бөлігі тұрғындармен тікелей байланысты. Азамат өз елді мекеніне қатысты мәселені көтеріп, ұсынысын депутатқа жеткізе алады. Ал депутат сол өтініштің қалай қаралғанын қадағалап, атқарған жұмысы туралы сайлаушыларына есеп беруге тиіс.

Президент әкімдердің халықпен кездесулерінде тұрғындар өздерін толғандырған нақты мәселелерді айтатынына назар аударған. Мемлекет басшысы осындай өтініштер бойынша депутаттық бақылауды күшейтіп, әкімдер мен мәслихаттардың бірлескен жұмысын жақсарту қажет екенін атап өткен.

Басқа жаңалықтар

Back to top button