Басты жаңалықБілімЖаңалықтар

ШҚО-да 8 колледждің техникалық базасы жаңартылды

Өңірде білікті кадрлар даярлау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, студенттерге сапалы білім алуға қолайлы жағдай жасалуда. Облыстық әкімдікте өткен кезекті отырыста ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов колледждердің материалдық-техникалық базасын заманауи өндіріс талаптарына сәйкестендіру – сапалы маман даярлаудың маңызды шарты екенін атап өтті.

— Биыл өңірде 8 колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылып, бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 384 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар, тағы сегіз колледжде жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оған 177,5 миллион теңге бағытталды. Аталған шаралар болашақ мамандардың кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек нарығының сұранысына сай кадрлар даярлауға мүмкіндік береді, — деді ол.

Басқа жаңалықтар

Back to top button