Жаңалықтар

Асубұлақ кентінде дәрігерлік амбулатория қайта ашылды — ШҚО

Бүгін Ұлан ауданына қарасты Асубұлақ кентінде күрделі жөндеуден өткен дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл ауыл тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік маңызы жоғары нысан болып табылады.

Аталған амбулатория 1970 жылдан бері кент халқын медициналық қызметпен қамтамасыз етіп келеді. Биыл мекемеде толық жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, ғимаратқа күрделі жөндеу жасалды, материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Науқастар мен медицина қызметкерлері үшін заманға сай қолайлы жағдай жасалды.
Қазір амбулаторияда 11 медицина қызметкері еңбек етеді. Оның ішінде 2 дәрігер, 6 орта буын және 3 кіші медицина қызметкері бар. 1700-ден астам тұрғынға медициналық қызмет көрсетіледі.
Мекеме жұмысының маңызды көрсеткіштерінің бірі – нәресте, бала және ана өлімінің тіркелмеуі. Бұл медицина қызметкерлерінің жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігін көрсетеді.
Амбулатория жалпы тәжірибелі дәрігер мен акушер-гинеколог кабинеттерімен, емшара және егу кабинеттерімен, сондай-ақ 3 төсек-орынға арналған күндізгі стационармен жабдықталған. Эпидемиологиялық қолайсыз жағдайларда науқастарды дер кезінде анықтау мақсатында сүзгі-кабинет те жұмыс істейді.
Сонымен қатар ғимаратта жедел медициналық жәрдемнің қосалқы станциясы орналасқан. Бұл тұрғындарға шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button