Жаңалықтар

Самар ауданының әкімі жастармен кездесті

Күні кеше Самар ауданының әкімі, Серік Жеңісов, жастармен ашық диалог форматындағы кездесуге қатысты.

Шараның мақсаты – жастарды толғандыратын өзекті мәселелерді талқылап, тың идеялар мен бастамаларға жол ашу, сондай-ақ ой бөлісіп, пікір алмасуға мүмкіндік беру.

Форум барысында әкім Самар ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Жастар өздерін алаңдатқан мәселелерді ортаға салды. Атап айтқанда, мектептерде акт залын ашу, жастарға арналған мерекелік шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ киберспортты дамыту мәселелері көтерілді.

Іс-шара соңында экологиялық акцияларға белсенді қатысқан еріктілер мен мектеп оқушылары алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Форум жастарға өз ойларын еркін жеткізіп, ұсыныстарын білдіруге арналған маңызды алаң болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button