Жаңалықтар

Өскемен–Катонқарағай бағытында автобус жүреді

5 қаңтардан бастап Өскемен–Катонқарағай бағытында жаңа автобус рейсі жұмыс істей бастайды.

Алғашқы кезеңде автобус бір күн сайын қатынайды: 5 қаңтарда Өскеменнен Катонқарағайға жолға шықса, 6 қаңтарда кері бағытта, яғни Өскеменге қайтады.

Катонқарағай ауданының әкімі Данияр Дүйсембаевтың айтуынша, алдағы уақытта бұл бағыттағы рейстерді күнделікті ету жоспарланып отыр.

Автобус Өскеменнен сағат 8:10-да, ал Катонқарағайдан сағат 9:15-те жөнелтіледі. Жаңа бағыт тұрғындардың қатынауын жеңілдетіп, жол жүруді ыңғайлы етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button