ШҚО-да өкпе обырына шалдыққандар көп пе?

Биылғы 10 айда облыста өкпе обырының 228 жаңа жағдайы тіркелді. Көбіне 60–69 жастағы адамдар ауырады.
Сонымен бірге жағымды өзгеріс те бар. Ауруды ерте анықтау жақсарған.
— I–II кезеңдерде 65 адамнан өкпе обыры табылған, бұл былтырмен салыстырғанда үштен бір есе көп. Ауруы асқынған IV кезеңдегі пациенттер саны 33-ке дейін азайған, — деді облыстық онкологиялық орталық директорының орынбасары Бекзат Мұқадиева.
Дәрігерлердің айтуынша, төмен дозалы компьютерлік томография (ТДКТ) өкпе обырын ерте анықтаудың ең тиімді әдістерінің бірі. Бұл тексеру тәуекел тобындағы адамдардың өлімін 40% азайта алады.
2026 жылдан бастап Қазақстанда 55–80 жас аралығындағы темекі шегетін немесе бұрын шеккен адамдар ТДКТ арқылы ұлттық скринингтен өтетін болады. Облыс бұл бағдарламаны бастауға дайын



