БілімЖаңалықтар

Үш ауысымды мектептерді жою: елімізде 141 жаңа мектеп ашылды

Қазақстанда үш ауысымды мектептерді жою бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Үкіметтің қорытынды баспасөз конференциясында ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова мәлімдеді.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы апатты, үш ауысымды және оқушы саны көп мектептер мәселесін шешуге бағытталған. Жоба аясында еліміздің әр өңірінде жаңа форматтағы білім беру ұйымдары салынуда.

Бүгінде 460,4 мың оқушы орнына арналған 217 мектептің құрылысы жүргізілуде. Соның нәтижесінде 69 үш ауысымды, 22 апатты мектептің мәселесі шешіліп, 100-ден астам мектептегі орын тапшылығы жойылды.
2025 жылы 214 мың оқушыға арналған 141 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді, – деді Майра Мелдебекова.

Басқа жаңалықтар

Back to top button