Басты жаңалықДенсаулықЖаңалықтар
ШҚО: Жаңа жылдың алғашқы күндерінде 27 ұл және 27 қыз бала туды

2026 жыл өңірде сәби шаттығымен басталды, деп хабарлайды Shygyslife сайты.
Алғашқы төрт күнде облыста 54 нәресте дүниеге келді. Кейбір сәбилер тіпті Жаңа жыл түнінде жарық дүниеге келген. Қаладағы Ана мен бала орталығының перзентханасында жаңа жылдың алғашқы күндерінде 54 босану тіркелді. Дәрігерлер дәстүрлі түрде тәулік бойы қызмет атқарып жатыр. Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 1 қаңтардан 2 қаңтарға дейін 8 ұл және 4 қыз бала дүниеге келген, ал 2-4 қаңтар аралығында 19 ұл және 23 қыз бала туған.



