Білім

Мектептерде ЖИ-көмекшілер пайда болады

Қазақстанда білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу жоспарланып отыр. Биыл мектептерде оқушылар мен мұғалімдерге арналған ЖИ-көмекшілер пайда бола бастайды.

Оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжановтың айтуынша, елімізде Ұлттық білім беру платформасы мен оқушылардың цифрлық профилі жасалады. Ол үшін электрон күнделіктер мен журналдардағы барлық мәлімет бір ортақ жүйеге біріктіріледі.

Бұл өзгерістер мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Жасанды интеллект мұғалімдерге құжаттар дайындауға, педагогикалық кеңестерге дайындалуға көмектеседі.

2026–2027 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептерде Qazaq Digital Mektebi жобасы іске қосылады. Бұл мектептерде оқушыларға арналған ЖИ-репетиторлар қолданылады.

Сонымен қатар биыл 200 мыңнан астам мұғалім жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын үйренеді. Ал оқушыларға ЖИ-ды дұрыс әрі қауіпсіз пайдалану жолдары үйретіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button