Жаңалықтар

Өскеменде 10 млн теңгенің мүлкін ұрлаған ер адам ұсталды

Қалада жеке үйге заңсыз кіріп, қомақты қаржы мен бағалы әшекейлерді алып кеткен күдікті қолға түсті.

34 жастағы қала тұрғыны полицияға жүгініп, белгісіз біреу үйіне терезе арқылы кіріп, мүлкін ұрлап кеткенін айтқан. Тергеу кезінде күдіктінің дәліздегі пластикалық терезені ашып, ішке өткендігі анықталды. Ұрланған заттардың жалпы құны 10 миллион теңгеден асқан.

Жедел іздестіру шаралары барысында полицейлер 33 жастағы ер азаматты қолға түсірді. Қазір оған қатысты «Ұрлық» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары оның өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

Ұрланған ақша мен зергерлік бұйымдар толықтай иесіне қайтарылғаны да хабарланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button