Жаңалықтар
ШҚО-да қала халқының саны артты

Шығыс Қазақстан облысында қала тұрғындарының саны сәл де болса артты, деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылғы 1 қаңтарда облыс қалаларында 485 729 адам тұрса, 1 желтоқсанда бұл көрсеткіш 486 579 адамға жеткен. Яғни өсім 0,17 пайызды құрады.
Алайда ауылдық жерлерде керісінше жағдай байқалады. Жыл көлемінде облыстың ауылдарынан 5 125 адам көшіп кеткен.
Соның салдарынан облыс бойынша жалпы халық санының өсімі теріс көрсеткішке шықты.
Айта кетейік, елімізде халық ең көп қоныс аударып жатқан өңір – Астана қаласы. Соңғы 11 айда елордаға 100 мыңнан астам адам көшіп келген.



