Жаңалықтар

ШҚО-да қар көшкіні қаупі бар аймақтар тексерілді

Шығыс Қазақстан облысындағы таулы жерлерде қар көшкіні қаупі бар учаскелерге тексеру жүргізілді. Бұл жұмыстар құбылмалы ауа райына байланысты атқарылды.

Мамандар «Өскемен – Алтай» жолының қауіпті бөліктерін, сондай-ақ «Путинцево», «Богатырёво», «Өскемен – Самар» бағытындағы «Тайынты», «Лайлы» және Таулы Үлбі жолы бойындағы қар жиналатын аумақтарды қарап шықты.

Тексеру барысында қар жамылғысының тығыз әрі тұрақты екені анықталды. Қазіргі таңда қар көшкінінің өздігінен жүру қаупі төмен деп бағаланып отыр.

Қар қалыңдығы:
Алтай ауданында — шамамен 70 см
Катонқарағай ауданында — 50 см
Самар ауданында — 35–45 см

Сонымен қатар мамандар қар көшкіні қаупі жоғары аймақтарда орналасқан елді мекендер мен демалыс орындарында тұрғындар мен туристерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button