Басты жаңалықБілімЖаңалықтар

ШҚО-да оқушылар қашықтан оқуға көшті

Бүгін өңірдің бірқатар қала мен аудандарында оқушылар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

Білім басқармасының мәліметінше, Алтай ауданының елді мекендерінде ауа температурасы минус 28–35 градус аралығында. Осыған байланысты бірқатар мектептерде екі ауысымда оқитын оқушылардың бір бөлігі қашықтан оқуға жіберілді.

Сондай-ақ қашықтан оқыту форматы Күршім ауданында да енгізілді.

Риддер қаласында ауа температурасы минус 26 градусқа дейін төмендеді. Мұнда бірінші ауысымда оқитын 0–4 сынып оқушылары қашықтан білім алуда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button