ЖаңалықтарСпорт
Өскемендік оқушы Әлем чемпионатында жүлдегер атанды

Жапонияның Токио қаласында киокушинкай-кан каратэден өткен Әлем чемпионатында Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрислам Бидахмет үздік нәтиже көрсетіп, қола жүлдеге ие болды. Қазақстанның атын абыроймен қорғады.
— Бұған дейін ол жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтын медаль жеңіп алып, халықаралық турнирлер мен Азия кубогында жүлдегер болған — дейді Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметі.



