Жаңалықтар
Өскеменде «Халық бухгалтері» акциясы басталды

Өскемен қаласында 30 маусымға дейін жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес өкілдеріне арналған «Халық бухгалтері» акциясы өтеді. Акция барысында кәсіпкерлер бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу бойынша тегін кеңес ала алады.
Негізгі кеңес беру орны – Өскемен қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы (Назарбаев даңғылы, 86, 3-қабат). Ал аудан және басқа қалалардағы кәсіпкерлер 87711238084 нөміріне хабарласып, бейнебайланыс арқылы кеңес алуына болады.
Қаңтар–ақпан айларында кеңестер аптасына үш рет, ал наурыз айынан бастап аптасына екі рет өткізіледі. Кеңесті тәжірибелі бухгалтерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының мамандары береді.



