ЖаңалықтарСпорт

Жарсу ауылында жаңа спорт нысаны ашылды-ШҚО

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Зайсан ауданындағы Жарсу ауылында ашылған жаңа спорт модулімен танысты. Бұл нысан облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысы бойынша салынды.

Спорт нысаны ангар үлгісіндегі спорт зал мен әкімшілік-тұрмыстық бөлмелерден тұрады. Мұнда спорт ойындарымен және күреспен айналысуға мүмкіндік бар. Бір ауысымда 28 адам, ал бір тәулікте 84 адамға дейін қабылдай алады.
Ғимаратта киім ауыстыратын бөлмелер, душ және санитарлық бөлмелер қарастырылған. Мұндай спорт нысандары аудан тұрғындарының спортпен айналысуына жағдай жасап, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, осындай спорт нысаны жақын күндері Айнабұлақ ауылында да ашылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button