2026 жылдың елеулі мерейтойлары

2026 жыл – қазақ халқының тарихы мен рухани өмірінде айрықша орны бар ұлы тұлғалардың мерейтойларына толы жыл. Бұл өткенді ұлықтап, ұлтқа қызмет еткен азаматтардың еңбегін жас ұрпаққа танытуға зор мүмкіндік береді. Төменде биыл атап өтетін бірқатар маңызды мерейтойлардың тізімін ұсындық.
9 ақпан – қазақ поэзиясының заңғар биігі, лирик ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл. Ақынның сыршыл өлеңдері мен терең философиялық ойлары бүгін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
28 ақпан – суырыпсалма өнердің хас шебері, халық ақыны Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл.
5 наурыз – Алаш қозғалысының көсемі, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың туғанына 160 жыл.
13 наурыз – Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, ел жадында мәңгі сақталған Қайрат Рысқұлбековтің туғанына 60 жыл.
7 сәуір – әлемге аты мәлім балуан, қазақ спортының аңызы Қажымұқан Мұңайтпасовтың туғанына 155 жыл. Ол қазақ халқын халықаралық аренада танытқан тұңғыш спорт жұлдыздарының бірі.
29 сәуір – көрнекті композитор, дирижер, музыкатанушы Ахмет Жұбановтың туғанына 120 жыл. Қазақ кәсіби музыкасының қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан қайраткер.
28 тамыз – мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, руханият жанашыры Өзбекәлі Жәнібековтің туғанына 95 жыл. Ол ұлттық мәдениетті жаңғырту ісінде ерекше еңбек сіңірді.
2 қараша – ағартушы-педагог, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл. Қазақ даласында зайырлы білімнің негізін қалаған ұлы ұстаздың мұрасы – мәңгілік.
2026 жылы осы тұлғалардың өмірі мен еңбегін кеңінен насихаттау ұлттық сананы нығайтуға қосылған үлес болмақ.



