Жаңалықтар

ШҚО-да қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Кей жерлерде көктайғақ болады.

«Қазгидромет» мәліметінше, облыстың солтүстік, оңтүстік және шығысында желдің екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетіп, түнде 23 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында қалың қар түсуі мүмкін.

Өскемен қаласында да қар жауып, бұрқасын болады. Көліктер мен жаяу жүргіншілерге көктайғақ салдарынан сақ болу ұсынылады. Қалада желдің түнгі екпіні 15–20 м/с шамасында болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button