Жаңалықтар
ШҚО-да құлақтандыру жүйесі тексерілді

28 қарашада сағат 11.00-де Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына бір уақытта ұялы телефондарына дыбыстық хабарландыру келді. Бұл өңірдегі азаматтық қорғау және төтенше жағдайларға дайындық мақсатында жүргізілген құлақтандыру жүйесінің тексерді деп хабарлайды Shygyslife.kz тілшілері.
— Қыс-2025″ командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде мобильді құрылғылар арқылы «Mass Alert» шұғыл құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілді және сиреналық-сөйлеу құрылғылары қосылды, сондай-ақ теле-радиоарналар арқылы шұғыл хабар таратылды, — деп мәлімдеді ШҚО ТЖД.



