ДенсаулықЖаңалықтар
Тұрғындар арасында тұмау аурулары азайған — ШҚО

2025 жылғы 25 желтоқсан мен 2026 жылғы 12 қаңтар аралығында өңірде 7263 жедел респираторлық вирустық инфекция (ЖРВИ) жағдайы тіркелді.
— Аталған кезеңде 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер арасында 3980 жағдай анықталды. Бұл жалпы сырқаттанушылықтың 54,8 пайызын құрайды, — деді ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдыев.
Мамандардың мәліметінше, көрсетілген мерзімде тұмаудың зертханалық расталған бірде-бір жағдайы тіркелмеген.
Соған қарамастан, эпидемиологтар тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға шақырады, себебі ЖРВИ маусымы әлі аяқталған жоқ.



