ДенсаулықЖаңалықтар

Жедел жәрдем станциясы жаңа автокөліктермен толықты — ШҚО

13 қаңтарда облыстық жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне жаңа автокөліктердің кілттері табысталды.

Барлығы 36 жаңа жедел жәрдем көлігі пайдалануға берілді.
Шара барысында облыс басшысы Нұрымбет Сақтағанов жедел жәрдем қызметінің маңыздылығына тоқталып өтті.
— Күн сайын диспетчерлерге шамамен 1000-ға жуық қоңырау түседі, оның 600-і жедел шақырту. Әрбір қоңыраудың артында адам өмірі, дер кезінде көрсетілетін медициналық көмекке деген үміт тұр. Бүгінде облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы тиімді жұмыс істеп келеді. Мұны тұрғындардың оң пікірлері дәлелдейді. Бұл — сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің көрсеткіші, — деді Нұрымбет Сақтағанов.
Жаңа көліктердің заманауи жабдықталуын медицина қызметкерлері де жоғары бағалады.
— Мен жедел жәрдем көлігінде 33 жыл еңбек еттім, ал жалпы жұмыс өтілім — 41 жыл. 1985 жылы жедел жәрдем қызметіне келген кезде «буханка» деп аталатын ескі көліктермен жұмыс істедік. Қазір ондай көліктер жоқ, олардың орнына заманауи, барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа автокөліктер беріліп отыр, — дейді жедел медициналық жәрдем станциясының аға фельдшері Әлия Сарсембаева.

Басқа жаңалықтар

Back to top button